Бірыңғай Ұлттық стенд

Компаниялардың қарапайым бизнес-ортасында, бір елде баламалы тауар өндіруші компаниялар – бәсекелес, шет елде Қазақстанның мүддесін қорғай отырып – олар серіктес болады. 

Өз өніміңізді/қызметіңізді Бірыңғай ұлттық стендтің құрамында таныстыра отырып, Сіз Қазақстанның бүкіл бір саласын таныстырасыз.

Қазақстанның Ұлттық стенді өнімдердің/қызметтердің кең саласын толықтай жеке-жеке: шикізат өндірушіден, дайын өнімді жеткізумен айналысатын логистикалық компанияларға дейін көрсетеді.

Бірыңғай ұлттық стендтің құрамында қатысқан кезде, мынадай төлемдер жүзеге асырылып, Сізге кәсіпорныңыздың қатысуын қаржыландыру мүмкіндігі беріледі:

  • Тіркелу жарнасы;
  • жабдықталған көрмелік алаңды жалдау;
  • көрменің ресми тізімдемесінде жарнаманы орналастыру;
  • қосымша жабдықты жалдау (витриналар, стендтер, стандартты жиһаздар, фризде жазу, кілем жабынды, плазмалық монитор, проектор,  тығырық, DVD ойнатқыш, т.с.с);
  • көрмелік стендтің макет-дизайнын (нобайын) жасау, көрмелік стендтердің және тұсаукесерлік мобильді конструкцияларды, стендті құрастыру және қайта бұзу;  
  • коммуникацияны өткізу (электр қуаты, телефон, сумен жабдықтау, интернет и т.с.с.);
  • сақтандыру сыйақысы (көрмелік жабдықтың міндетті сақтандырылуы).

Байланысушы тұлға: Ғазиза Абдинабиева, «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортты ілгерілету бойынша басқарушы директор қызметі, тел: 8 (7172) 91 90 40, ішкі нөмір 1033,  ұялы телефон: +7775 535 57 44, электронды пошта: abdinabiyeva@kaznexinvest.kz 

Түсініктер ({{comments.length}})
{{item.obj.user.full_name}}
Ответить
Пікір қалдыру
user.full_name
Чтобы оставить комментарий Вам необходимо авторизоваться
Пікір қалдыру
user.full_name