Саудалық миссиялар

Шет елдегі сауда миссиясына қатысу Сізге тауарларыңыз бен қызметтеріңіздің экспорттық географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сізге өз өнімдеріңіздің ықтимал сатып алушыларымен жүзбе-жүз танысу, тауарларыңызды таныстыру, одан кейін, келіссөз барысында болашақ экспорттық келісім шартты толық талқылау үшін тамаша мүмкіндік беріледі.

Бұған қоса, шет елдердің салалық министрліктерімен қазақстан өнімдерін шет елдің территориясына енгізу мәселелері туралы тікелей диалог жасауға болады. Мысалы денсаулық сақтау министрлігімен – дәрілерді тіркеу жөнінде келісуге болады.

 Сіздің компанияңыздың сауда миссиясына қатысуы бойынша барлық дайындық жұмыстарын «KAZNEX INVEST» АҚ-ның жұмысшылары жүргізеді, соның ішінде: 

  1. Ықтимал импорттаушылардың қатарынан шет елдік компанияларды іздеу, іріктеу және шақыру ;
  2. Ұйымдастыру сұрақтарын шешу (жабдықталған конференц-залды жалдау, қатысушылардың тұруын  төлеу; қажет болған жағдайда аудармашылардың қызметін төлеу; іс-шара өтетін елдің ішіндегі трансфертті қамтамасыз ету; т.с.с.)
  3. Өз өнімін таныстыру үшін және келіссөздер өткізу үшін әр компанияға жеке үстел ұсыну.

Маңызды: Қатысушылар визаны ресімдеу мен жол жүру/ұшу шығындарын өздері төлейді.

Байланысушы тұлға: Армана Бекбасова, Экспортты ілгерілету бойынша қызметінің менеджері, тел. +7 (7172) 91 90 40, (ішкі нөм.:1012), ұялы телефон: +7 701 777 98 40, e-mail: Bekbassova@kaznexinvest.kz

Түсініктер ({{comments.length}})
{{item.obj.user.full_name}}
Ответить
Пікір қалдыру
user.full_name
Чтобы оставить комментарий Вам необходимо авторизоваться
Пікір қалдыру
user.full_name