Шетелдік бейінді көрмелер

Өз өнімдеріңіз бар стендті қойып Сіз келесі құралдарды иемдене аласыз:  

  • Өз компанияңыз бен тауарыңыз/қызметіңіз туралы мәлімдейсіз;
  • Өніміңізге қызығушылық танытқан ықтимал сатып алушылармен жүзбе-жүз танысып, сонымен бірге олардың пікірін/жауабын естисіз, тұтынушылардың алған әсерін бағалай аласыз;
  • Байланысушылардың Мәліметтер базасын болашаққа кеңейте аласыз;
  • Өзіңіз үшін нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізе аласыз: бәсекелестеріңіздің артықшылықтары мен кемшіліктерін, олардың өнімдерін зерттеп, нарықтағы өз жағдайыңызды бағалай аласыз;
  • Жаңа инновациялық идеялармен және технологиялармен танысып, оларды өз кәсіпорныңызда қолдануды бағалай аласыз;
  • Өзіңіздің нарықта бар екендігіңізді қуаттай аласыз;
  • Дистрибуция арналарын кеңейте аласыз;
  • Сату үдерісін жылдамдата аласыз.

Мынадай шығындарды  KAZNEX INVEST өзі көтереді:

  • Тіркелу жарнасы;
  • 12 ш.м. аспайтын жабдықталған көрмелік алаңды жалдау;
  • көрменің ресми тізімдемесінде жарнаманы орналастыру;
  • қосымша жабдықты жалдау (витриналар, стендтер, стандартты жиһаз, фризде жазу, кілем жабынды, плазмалық монитор, проектор,  тығырық, DVD ойнатқыш, т.с.с) қажет болған жағдайда;
  • (қажет болған жағдайда стендті безендіру («ORACLE» үлбірімен стендті жабыстыру)
  • стендті құрастыру және қайта бұзу; 
  • коммуникацияны өткізу (электр қуаты, телефон, сумен жабдықтау, интернет и т.с.с.) қажет болған жағдайда;
  • сақтандыру сыйақысы (көрмелік жабдықтың міндетті сақтандырылуы) қажет болған жағдайда.

Маңызды: кәсіпорын бұл қызметті жылына бір рет пайдалана алады. Шет елдік салалық көрмеге қатысқаннан кейін компания істелген жұмыс туралы есеп пен фотоесеп тапсыруы тиіс.

Байланысушы тұлға: Айгерим Жусупова, «KAZNEX INVEST» АҚ Экспортты ілгерілету бойынша басқарушы директор қызметінің маманы, тел. +7 (7172) 91 90 40, ішкі нөм. 1068, ұялы телефон: +7701 244 70 35, электронды пошта: a.zhussupova@kaznexinvest.kz

Түсініктер ({{comments.length}})
{{item.obj.user.full_name}}
Ответить
Пікір қалдыру
user.full_name
Чтобы оставить комментарий Вам необходимо авторизоваться
Пікір қалдыру
user.full_name