Экспорттық әрекетке үйрету тренингтері

Қазақстандық мекемелерінің көпшілігінде кездесетін негізгі мәселелердің бірі қызметкерлердің экспорт саласындағы арнайы білім мен тәжірибенің болмауы, тұтынушылық пен экологиялық сипаттамалары әрі дамыған елдердің нарықтарында сатылатын өнім қауіпсіздігіне қойылатын талаптарының күшеюіне байланысты экспорттық өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесінің дұрыс дамымағаны  болып табылады.

Кең шоғырдағы құзыреттердің болмауы - мысалы, қауіпсіздік жағынан құжаттарды қалай жүргізу керек, жетекшілердің және операцияларды жүргізетін қызметкерлер деңгейіндегі техникалық ерекшеліктерді білмей басқару халықаралық нарықтардың тәжірибелерін түсінбеуіне және кейін қабылдамауына әкеліп соқтырады.

Тренингтердің мақсаттары - қазақстандық кәсіпорындарының қызметкерлерін сыртқыэкономикалық әрекеттің стратегиясының ерекшеліктерімен танысу, практикалық диагностика мен стратегияны құрастыру дағдыларына үйрету, өз кәсіпорындарының экспорттық әлеуетінің даму мүмкіншілігін бағалау.

Тренингтер Қазақстанның территориясында жыл сайын тегін өткізіледі.  

Оқу курсының мақсатты аудиториясы - сыртқыэкономикалық әрекетте шешім қабылдайтын компанияларды жұмыс жасайтын мамандар мен менеджерлер (экспорт пен импорт бойынша жұмыс жасайтын мамандар, СЭӘ жоспарлау, тауарлық өнім жоспарлау, жарнама мен өнім өткізу менеджерлері, маркетинг танушы, тауарлық марка әзірлеу мамандары, көрмелерді ұйымдастыру, компанияны жылжыту мен дамытумен айналысатын менеджерлер, жетекші инженер, өндіріс меңгерушілері, қызметкерлермен жұмыс жүргізетін менеджерлер және т.б.).

2009 жылдан бастап KAZAKH INVEST жыл сайын қазақстандық кәсіпорындарының мамандарына - әрекеттегі және ықтимал экспорттаушылар үшін экспорттық және маркетингтік әрекет бойынша оқу тренингтерін жүргізеді. Оқудың нәтижелерімен Сіз осы жерде таныса аласыз.

Қызметкерлердің құзыреттерін дамыту үшін мекеме-қатысушылардың ерекше талап етілген аталмыш оқу іс-щараларының жалғасуы аса маңызды.

Экспорттық әрекетке үйрету тренингтеріне қатысу үшін сұранымды жіберіңіз.  

Байланыс: «KAZAKH INVEST» АҚ Экспортты дамыту қызметінің бас менеджері Роза Булинбаева : +7 (7172) 620 539, e-mail: bulinbaeva@invest.gov.kz.

Методологиялық құралдар - 2014

Методологиялық құралдар - 2015

Түсініктер ({{comments.length}})
{{item.obj.user.full_name}}
Ответить
Пікір қалдыру
user.full_name
Чтобы оставить комментарий Вам необходимо авторизоваться
Пікір қалдыру
user.full_name