Гуманитарлық көмек нарығына жылжыту

2010-2013 жж.: 60 астам кәсіпорын өздерінің өнімін ұсынып, олардың 15-і жалпы құны 80 млн. АҚШ долл. асатын экспорттық келісімшартқа қол қойған. Қол жеткізген табыстар туралы көбірек білу

Гуманитарлық сатып алулар нарығы өте үлкен және аса маңызға ие халықаралық бизнес,  оның  жылдық айналымы ондаған млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр.

Гуманитарлық ұйымдар өз мақсаттарына қарай азық-түлік өнімдерінен бастап  машина жасау өнімдеріне дейінгі тауарлардың көптүрлерін сатып алады. Осы нарықта отандық кәсіпорындардың белсенді қатысуы халықаралық нарықтарға шығудың бастапқы алаңының бірі болып табылады.

АҚ «KAZAKH INVEST» мамандары сіздің компанияңыздың  гуманитарлық тауарларды жеткізушілерінің желісіне енуі үшін  барынша көмек көрсетеді:

* жеке кеңес беру, нұсқаулық құралдарды (сатып алу рәсімдері және тауарлардың сипаттамасы) даярлау және гуманитарлық ұйымдармен  бизнесті жүргізу мәселелері бойынша семинарлар өткізу арқылы ақпараттандыру;

* халықаралық мамандандырылған көрмелерге (AIDEX, AIDF, DIHAD және IDME) қатысу, "Relief Items From Kazakhstan"  каталогы және  өнімдердің үлгілерін тарату арқылы отандық кәсіпорындардың  өнімдерін гуманитарлық сатып алулар нарығына жылжыту;

* халықаралық ұйымдардың (БҰҰ және Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай) қызметкерлерін шақыра отырып отандық кәсіпорындарда әлеуетті сатып алушылардың талаптарына сәйкес дайындығын  бағалау (алдын-ала біліктілік инспекциясы);

 * әлеуетті жеткізушілердің базасына (www.ungm.org) тіркеу және алдын-ала тендерлік құжат талаптарын түсіндіру үшін техникалық қолдау көрсету;

Байланыс: Нарбаев Сабит, KAZAKH INVEST» АҚ Алматы қ., Өкілдіктің директоры, Гоголь көш., 111, офис 613, 615, тел.: +7 (727) 2 590 690.

  • Іс-шаралардың өткізілуі көзделмеген
Түсініктер ({{comments.length}})
{{item.obj.user.full_name}}
Ответить
Пікір қалдыру
user.full_name
Чтобы оставить комментарий Вам необходимо авторизоваться
Пікір қалдыру
user.full_name