Экспорттаушылардың шығынының бір бөлігін қайтару

Экспорттаушылардың отандық өнімді сыртқы нарыққа шығару кезінде болатын шығындарының 50%-ын мемлекет төлейді. Шығындарды өтеудің нәтижелері

Шығынның қандай түрлері өтеледі?

  • Өнімді сертификаттау;
  • Өнімді/тауар белгісін шет елде тіркеу;
  • Шет елдегі өкіл (кеңсені, қойманы, сауда орындарын, көрсету бөлмелерін жалға алу);
  • Шет елдік көрмелерге қатысу (стендтерді дайындау және жалға алу, алаңды жалға алу, тіркелу жарнасы, 2 қызметкердің ұшу билеттері эконом-класс, 2 қызметкердің 5 күнге мейманханада тұруы);
  • Шет елдегі жарнама (теледидар, радиода жарнама роликтерін дайындау, баспа және электронды БАҚ, қоғамдық баннерлер);

Төлемді қайтарып алуға кімдер өтініш бере алады?

Өңделген өнімдерді экспорттаумен айналысатын индустриалды-инновациялық қызметіндегі субъектілер (Экспорттау кезінде шығындары өтелетін кәсіпорынның шет ел нарығына шығыратын өнімдерінің тізімін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығы «Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы»» қаулысын қарауға болады).

Шығындар қандай мерзім ішінде өтеледі?

Өтінішті қабылдау жайлы хабарлама берілген мерзімге дейінгі 2 жыл ішінде болған шығындар өтеледі. Мысалы, 29.06.2013 ж «Казахстанская правда» газетіне хабарлама шықты, яғни бұл 29.06.2011-29.06.2013 жылдар аралығындағы шығындар қайтарылды деген сөз.

Хабарламалар республикалық БАҚ және www.kaznexinvest.kz пен www.export.gov.kz сайттарында жарияланады.

Құжаттардың толық тізімі сөз етілген Қаулының Ережелерінде бар.

Нені білу маңызды?

Шығындарды өтеуге қатысты үрдістерді толық түсіну үшін және қайтарып алуға өтініш жазуда қателік жібермеу үшін шығындарды өтеудің Ережелерімен танысу қажет, Қаулының толық мәтінін осы жерден ала аласыз.

Кімге жүгіну керек?

"KAZNEX INVEST" АҚ экспорттық гранттарының Қызметі, тел.:  (7172) 91 90 40

Арман Сабирин, ішкі нөмір 1036, ұялы тел.: +7 701 124 17 12,                                           e-mail: sabirin@kaznexinvest.kz 

Ләззат Баймурзина, ішкі нөмір 1044, ұялы тел.: +7 701 523 42 09,                                       e-mail: baimurzina@kaznexinvest.kz ;

Айнұр Тулеубекова , ішкі нөмір 1007, ұялы тел.: +7 701 999 83 90,                                     e-mail: tuleubekova@kaznexinvest.kz

Түсініктер ({{comments.length}})
{{item.obj.user.full_name}}
Ответить
Пікір қалдыру
user.full_name
Чтобы оставить комментарий Вам необходимо авторизоваться
Пікір қалдыру
user.full_name