Қазақстан – БАЭ: экономикалық серіктестіктің әлеуеті

ҚазақстанБіріккен Араб Әмірлігі
23.11.2016
 
Отрасль: Группы по ТНВЭД (01-24). Продукты животного или растительного происхождения, готовые продовольственные товары., Группы по ТНВЭД (68-69). Строительные материалы, Группы по ТНВЭД (84-92). Машины, оборудование, транспортные средства, приборы и аппараты, Группы по ТНВЭД (70-71, 93-97, 99). Прочие товары

Дубайда қазақстандық өндірушілердің Саудалық миссиясыөтті. Шараны Біріккен Арабтар Эмиратындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі Дубайдың Сауда-Өнеркәсіптік палатасымен  бірлесіп ұйымдастырды.

Бұл Қазақстан өзінің өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін таныстырған алғашқы саудалық миссия.

Шараға машина жасау (смарт ПОС терминалдар), құрылыс(құрғақ құрылыс қоспалары, акрил бояулар), фармацевтика (веналық қанды алуға арналған құралдармен пробиркалар, дәрілік заттар), тағам (ас тұзы, ұн, алкогольсіз сусындар, түйе сүті, жұмыртқа) салалары мен қызметтері (бұзбайтын бақылау, техникалық диагностикалау, мұнай-газ саласында электр қондырғыларды монтаждаужәне техникалық қызмет көрсету) саласындағы 19 өндіруші қатысты. Қазақстандық компаниялар БАЭ жетекші бөлшек-сатып алушы және дистрибьюторлық компанияларымен  Эмираттар нарығына отандық өнімді жеткізу мәселесі, сондай-ақ өнімді тіркеу және сертификаттау сұрақтары бойынша келіссөздер жүргізді.

Қазақстан мен БАЭ арасындағы сыртқы саудалық айналым 2015 жылы 109,5 млн. АҚШ долл. Құрады.Өткен жылы алғаш рет жұмыртқа және ет өнімдері БАЭ нарығына экспортталды.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін «KAZNEXINVEST» саудалық миссия жүргізуді және Ресей Федерациясында отандық өндірушілер өнімін таныстыруды жоспарлайды.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігіҚазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігінің құрылымына кіреді.Шикізаттық емес экспортты дамыту және алға жылжыту жүйесінің ұлттық операторы, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тарту және жұмыс жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік компания болып табылады. «KAZNEX INVEST»  республикалық бюджеттен қаржыландырылады және өз қызметтерін өтеусіз негізде көрсетеді.

Түсініктер ({{comments.length}})
{{item.obj.user.full_name}}
Ответить
Пікір қалдыру
user.full_name
Чтобы оставить комментарий Вам необходимо авторизоваться
Пікір қалдыру
user.full_name