1 қаңтардан 45 елдің азаматы Қазақстанға визасыз келе алады

Қазақстан
27.12.2016
 

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 45 елдің азаматы Қазақстанға визасыз келе алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі таңда виза рәсімдеусіз-ақ Қазақстанға 19 елдің азаматтары келе алады. Ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан 45 елдің азаматтары осындай мүмкіншілік алады. Олардың қатарында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Еуропалық одақтың мүшелері, сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Сингапур сияқты елдер бар», - деді ол. Осы ретте министр 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін шетелдік азаматтарға арналған Қазақстан Республикасының визасын беру және шақыруларды рәсімдеудің жаңа ережесі дипломатиялық корпус өкілдеріне берілгендігін айтты. «Виза режімін ырықтандыру мақсатында қабылданған шаралар біздің еліміздің ұлттық мүдесін ескере отырып жүргізілетіндігін атап өткім келеді. Жоғарыда аталған мемлекеттерден бөлек тағы 19 елдің азаматтары қол қойылған екіжақты келісімдердің негізінде виза талаптарынан босатылады. Мұндай келісімдерге басқа да мемлекеттермен қол қою үшін келіссөздерді жалғастыра беретін боламыз», - деді Ыдырысов.   Автор: Марлан Жиембай

http://www.inform.kz/kz/1-kantardan-45-eldin-azamaty-kazakstanga-vizasyz-kele-alady_a2983592

Түсініктер ({{comments.length}})
{{item.obj.user.full_name}}
Ответить
Пікір қалдыру
user.full_name
Чтобы оставить комментарий Вам необходимо авторизоваться
Пікір қалдыру
user.full_name