ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭЛЕКТРОВОЗДАР ГРУЗИЯҒА ЖЕТКІЗІЛУІ МҮМКІН

ҚазақстанГрузия
05.07.2017
 

Қазақстандық компаниялар Грузиядағы мемлекеттік сатып алуға қатысады.

Келіссөздер Тбилисиде өтті. Қазақстанда құрастырылған электровоздарды Грузияға жеткізу жайында кездесулер болды. Екі елдің бір-бірінен алшақ орналасуына байланысты қиындықтар пайда болуы мүмкін. Бірақ осы орайда Қазақстан тарапы тиімді шарттар ұсынбақ.

Бернард Пель, «Электровоз құрастыру зауытының» бас директоры: - Әріптестермен Қазақстанда құрастырылған локомотивтерді Грузияға тасымалдау жайында сөйлестік. Өздеріңіз білетіндей, олар Астанада орналасқан. Негізгі құрастырушы ретінде бізді таңдауы үшін қолдан келгенді жасаймыз.

Мейіржан Майкенов, «Kazakh Invest» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары: - Локомотивтерді Қазақстаннан тасымалдау жайында кездесуер жүріп жатыр. Бүгін біз осы жобаның коммерциялық және техникалық жақтарын талқыладық. Содан кейін қаржы мәселесін қарастыратын боламыз. Жалпы, келіссөздер ойдағыдай өтті. Діттеген мақсатымызға жетеміз деп үміттенемін.  

Ақпарат дереккөзі 

Түсініктер ({{comments.length}})
{{item.obj.user.full_name}}
Ответить
Пікір қалдыру
user.full_name
Чтобы оставить комментарий Вам необходимо авторизоваться
Пікір қалдыру
user.full_name