Неге Қазақстан?

 

Қазақстан – Еуразия орталығында орналасқан қолайлы бизнес-климаты бар саяси тұрақты және шырайлы ел.

Қазақстан ежелден Ұлы Жібек Жолы керуен көші өрілген логистикалық орталық болды.  Дәл осы жерде Қытай, Ресей, Индия, Европа елдерінен стратегиялық маңызды жүктер өткізілді және дәл осы жерде әлемдік деңгейдегі  сауда шарттары және маңызды келісімдер жасалды.

БРИҚ елдерінің бестіктің үшеуі Қазақстанға тікелей жақын орналасқан, олар Ресей, Қытай, Индия. 

Ал,  2010 жылы Қазақстан Ресей және Белорусь Кеден одағы құрамына енді, осының арқасында елдердің нарықтық қамтылуы 170 миллион адамға жеткізілді.

Ease of Doing Business 2014 көрсеткішінде Қазақстан  77-орынға ие.

Әлеуетті бастамалар мен зор байлыққа толы Қазақстан әлемдегі мемлекеттердің үлкендігі бойынша 9-орында. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі. Оның 70-і барланады, 60-ы өндіріледі және пайдалынады.  Жаңа ресурстарды ашу және тереңінен барлау бойынша бағдарлама әзірленді. Қазақстан уран қоры және оны өндіру бойынша Канада мен Автралия елдерінен озық тұрып, жетекші орынға ие. Бүгінгі күнгі кен қорын қарқынды пайдаланған жағдайда  400 жылға жеткілікті.

Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері

  • Халық саны: 17 165 000  чел.(2014г.)
  • ЖІӨ:  $203,5 (2012г)
  • ФКИ: 105,0 (2012г)
  • Тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖІӨ: $12 118,9 (2012г)
  • Валюта: Тенге

2015 жылға дейінгі кезеңге үдемелі индустриализацияның басым саясаты қайта өңдеу және қайта жасаумен қазақстандық қамтылуының мақсатты дамуы арқылы орта және шағын бизнес үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерінің мультипликациясы, экономиканың дәстүрлі экспорттық секторында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Портал туралы

Осы портал сапалы өнімнің барлық өндірушілері туралы ақпарат беру, қазақстандық өнім/қызметтің барлық басымдылығын ашу мақсатында құрылды.

Осы интернет-жоба Сіз үшін  тек әлеуетті жеткізуші/сатушымен тікелей байланыс орнатуға және нығайтуға септігін тигізеді және Сіздің уақытыңыз бен қаражатыңыздың үнемделуіне мүмкіндік туғызады.

Сіздің ыңғайыңыз үшін серіктес/өнім іздеуде жеңілдетілген тәсілдер   жасалды, аналитика бөлімінде Сіз өзіңіз үшін қажетті заңнамалық актілер, басқа да мәліметтер, жүктерді сақтандыру, тасымалдау туралы ақпараттар ала аласыз.